ҚазақстанОқиғаТОП

Ақтөбеде 23 жастағы жігіт суға батып кетті

Ақтөбеде 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Ол жүзу білмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 30 маусым күні Ақтөбе қаласының Елек өзенінде болды. Қаза тапқан жігіт тыйым салынған аумақта шомылған.

«Куәгерлердің айтуынша 1998 жылы туған ер адам сау күйде болған, бірақ суда жүзу білмеген. Құтқарушылар денесін 2,5 метр тереңдіктен алып шықты»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында 12 адам, оның ішінде 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button