
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 18.00 шамасында болған. «Өскемен-Семей» тасжолының 127-шақырымында Lada және Chevrolet көліктері соқтығысты.
«Жол апатының салдарынан 36 жастағы Chevrolet жүргізушісі мен 45 жастағы Lada көлігінің жолаушысы дәрігерлер келіп жеткенше сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта департаменттің тергеу-жедел тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабына сәйкес (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ⠀
Semey News