ШҚОҚоғамСемейТОПШҚО

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласы әкімі лауазымына Бакытжан Байахметов тағайындалды, деп хабарлайды Semey News.

Бакытжан Какенкаджиевич Байахметов, 1970 жылы 29 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын “ауыл шаруашылығын электрлендіру, инженер-электрик” мамандығы бойынша, содан кейін Орталық Азия университетін “қаржы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы инженер лауазымында бастаған. “ШҚ АЭК” ЖАҚ СФ сату тобының жетекшісі, кейіннен “ШҚ АЭК” ЖАҚ СФ Аягөз релелік электр желісінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеген.

2005 – 2008 жылдары – Аягөз ауданы әкімінің орынбасары. Кейіннен түрлі басқармаларда бас сарапшы лауазымдарында қызмет жасады.

2009 – 2010 жылдары – Өскемен құрылыс бөлімінің бастығы.

2011 – 2014 жылдары – Аягөз қаласының әкімі.

2014 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – Ұлан ауданының әкімі.

2014 – 2019 жылдары – Аягөз ауданының әкімі.

2019 жылғы 15 сәуірден бүгінгі күнге дейін – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button