
ШҚО ПД баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, Ұлан ауданының тұрғыны марихуананы кептіріп, оны өткізу мақсатынсыз сақтаған. Кептірілген есірткі заттарын ол катон қораптарға салып, шаруашылық құрылыстардың бірінің еденінің астына, дәліз шатырына тығып қойған. Сараптама тәркіленген зат – кептірілген марихуана екенін көрсетті.
“Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындады. Ол пробация қызметіне есепке қойылды және қоғамдық жұмысқа кірісті. Енді ол ауылды мекенді көріктендірумен және көгалдандырумен айналысатын мекемелердің бірінде бір ай бойы жұмыс істейді”, – деді Ұлан ауданы пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жанболат Кеңесханов.
⠀Semey News