
Алакөл көліндегі шипажай аймағы республика бойынша ең көп туристер жиналатын аймақтардың көшбасшысы. Көл жағалауында 174 демалыс үйі орналасқан, 12 мыңнан астам жатын орын бар. Сондықтан кәсіпкерлер демалушылардың қауіпсіздігін сақтау, жақсы демалулары үшін барлық жағдайды жасада.
Естеріңізге сала кетсек, облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша туристік-рекреациялық аймақтарға ПТР тесті, вакцина паспорты немесе «ASHYQ» қосымшасы арқылы кіре алады.
Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, Алакөлдегі 163 демалыс үйі Info.Kazakhstan сайты бойынша сәйкестік актісін алды, 94 – «ASHYQ» жобасына қатысушы. Тағы 10 сұраным қазіргі уақытта қаралуда. Санитарлық-эпидемиологиялық талап жағдайларын сақтау мақсатында жағалауда 10 мониторингтік топ құрылды. Демалыс үйлерінің персоналдары вакцина алуда. Қазіргі уақытта 300 қызметшінің 240 екпе алды, немесе жалпы санының 80 пайызы.
Жалпы алғанда, Алакөл көлінің жағалауы жазғы демалыс маусымына дайын, көлдің түбі тазартылды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жағалауда 6 құтқарушы, 50 полиция қызметкері қызмет жасауда. Су техникаларының және адамдардың жүзу аймақтарына арнайы қалтқылар орнатылды, арқандар тартылды. Биылға маусымда адамдардың киініп-шешінулері үшін 15 жаңа кабинкалар және қоқысқа арналған 100 қоқыс жәшігі орнатылды.
- Көліктік қамтамасыз ету үшін 17 маусымнан бастап 780 орынға арналған облыстық темір жол маршруттары іске қосылды. Соның 8 вагоны Семейден, 7 вагоны Өскемен қаласынан шығады. Нұр-Сұлтан, Алматы вагондарының саны көбейді. Егер 2020 жылы 1620 орынға арналған 36 вагон қызмет көрсетсе, биылғы жылы вагондар саны 65 пайызға немесе 2680 орынға көбейді. Автобустар саны екі есеге артты, – деп атап өтті Марат Қабақов.
Жағалауда Алакөлге туристерді тартатын ірі инфроқұрылымдық жобалар іске асырылуда. Үржар ауылындағы әуежайды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Былтырғы жылы жағалауда 13 жаңа отель ашылды, биылғы жылы 7 жаңа демалыс базасын ашу жоспарлануда. Шілде айында «Alazone Arena» концерттің алаңы ашылады.
Semey News