Сайлау

Полат Абраев: «Семейдің болашағы – ортақ жауапкершілік»

Кәсіпкерлік пен басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Абраев Полат Оңласынұлы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға ниетті. Ол өз тәжірибесі мен білімін қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағыттауға дайын екенін мәлімдеді.

Полат Абраевтың айтуынша, қаланың тұрақты дамуы ең алдымен тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуден басталады. Атап айтқанда, сапалы білім беру, қолжетімді медициналық қызмет, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу, бұқаралық спортты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және қалалық инфрақұрылымды жақсарту – негізгі басым бағыттардың қатарында.

Сондай-ақ ол аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала тазалығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Әр мәселенің артында адам тағдыры, отбасының жағдайы тұрғанын түсінемін. Сондықтан тұрғындардың пікірін тыңдап, ұсыныстарын ескеру маңызды. Депутаттық өкілеттігім аясында өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, атқарылған жұмыстар туралы ашық есеп беруді міндетім деп санаймын, – дейді Полат Абраев.

Ол тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, халықтың талап-тілегін ескерудің маңыздылығына тоқталды.

Сөз соңында Полат Абраев Семей қаласының тұрғындарын 29 қарашада өтетін сайлауға белсенді қатысуға және өз кандидатурасын қолдауға шақырды.

Семей – бәрімізге ортақ үй. Қаламыздың жарқын болашағы үшін бірге еңбек етейік! – деп түйіндеді ол.

*№ 11 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Абраев Полат Оңласынұлының сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button