Семей

Өңір экономикасы нақты жобалар мен еңбек арқылы дамиды: «Әділет» партиясы «Эйкос» ұжымымен кездесті

Өңірдің экономикалық дамуы инвестиция көлемімен ғана емес, оның халыққа беретін нақты нәтижесімен өлшенеді. Жаңа кәсіпорындар, өндірістік жобалар мен тұрақты жұмыс орындары – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың маңызды негізі. Осы мәселелер «Әділет» партиясының Абай облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстыру аясында «Эйкос» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде айтылды.

Кездесуге Анжела Маслова, Саят Танатаров, Мұхит Тұрсынов, Ануар Абдулдин, Марат Макишев және Ербол Тускенов қатысты. Олар өңірлік бағдарламаның экономиканы дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және халықты жұмыспен қамту бағыттарын таныстырды.

Бағдарламада жаңа өндіріс орындарын ашуға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған бірқатар ірі жоба қарастырылған.

Курчатов қаласында көмірді терең өңдеу арқылы аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салу көзделген. Бұл жоба аясында 500 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Семей қаласында «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығын салу арқылы 100, ал қонақүй кешенін реконструкциялау нәтижесінде 30 жұмыс орнын ашу қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешенде 4 жобаны іске асыру және 244 жұмыс орнын құру көзделген.

Кездесу барысында ұжым өкілдерінің сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалып, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Жаңа жұмыс орындары – экономикалық өсімнің нақты көрсеткіші. Ал әрбір инвестициялық жобаның басты нәтижесі өңір тұрғындарының тұрмыс сапасынан көрінуі тиіс.

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.

Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Осы айдарда

Back to top button