Семей

Семейде Ұлттық ұлан сарбаздары бір күнде екі жоғалған телефонды тауып, екі баланы ата-анасымен қауыштырды

Семей қаласында қоғамдық тәртіпті күзету кезінде Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бір күнде төрт бірдей қырағылық үлгісін танытты.қиғаның оң шешілуіне ықпал етті. Сарбаздар екі жоғалған ұялы телефонды иелеріне қайтарып, ата-анасының қарауынсыз қалған екі баланың отбасымен қайта қауышуына көмектесті.
Алғашқы оқиға 29 қазан күні сағат 20:55 шамасында Цементшілер кентінде болды. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген әскери жасақ бастығы Ерасыл Қуанышбай мен патрульші Иван Козловқа қала тұрғыны жүгініп, ұялы телефонын жоғалтып алғанын хабарлады. Жағдайға жедел әрекет еткен сарбаздар айналаны шолып, көп ұзамай бордюр үстінен Samsung маркалы телефонды тапты. Осылайша, жоғалған мүлік заңды иесіне қайтарылды. Араға көп уақыт салмай, сағат 22:30 шамасында Әуезов алаңында тағы бір ұялы телефон табылды. Әскери жасақ бастығы, қатардағы Қанағат Ерғазы мен патрульші Манас Омаралиев ескерткіш маңынан Samsung маркалы телефонды байқап, иесін анықтауға кірісті. Телефондағы кіріс және шығыс қоңыраулар арқылы оның иесімен байланыс орнатылды. Белгіленген жерге келген бойжеткен телефонның өзіне тиесілі екенін растаған соң, сарбаздарға алғысын білдірді.
Аталған әскери жасақ жарты сағаттың ішінде тағы бір қырағылық үлгісін танытады. Ұлттық ұлан жауынгерлері ата-анасынан адасып қалған төрт жасар қыз баланы да байқайды. Сарбаздар дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, көп ұзамай бүлдіршіннің анасын тапты. Белгілі болғандай, анасы кинотеатр кассасында есеп айырысып тұрған сәтте қызы ойын алаңына қарай кетіп қалған. Ана мен баланың аман-есен қауышуына себепкер болған жауынгерлерге анасы шынайы ризашылығын жеткізді. Ал Жаңақұрылыс ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген әскери жасақ бастығы ата-анасының қарауынсыз жүрген тоғыз жасар баланы байқап қалды. Әскери қызметші дереу полиция қызметкерлерін шақырып, баланы тәртіп сақшылары арқылы ата-анасына табыстауға көмектесті. Бір күнде орын алған төрт оқиға Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы мен жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті. Олар қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын екенін іс жүзінде дәлелдеді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button