
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым айының басында Өскемен қ. полиция басқармасына 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүгініп, 28.05.2021 ж. белгісіз ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген сылтауымен 250 000 теңге сомасында ақша қаражатын иемденіп алғанын хабарлаған.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтаған. Тергеу барысында ол такси қызметінде жұмыс істейтін және қандай да бір уәкілетті органға қатысы жоқ 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News