Абай облысыБілімТОП

Абай облысының студенті WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Семейдегі Электротехникалық колледждің студенті Руслан Нестеренко кәсіби шеберліктен өткен 48-ші әлем чемпионаты – WorldSkills Shanghai 2026 байқауында қола жүлдеге ие болды. Ол «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша бақ сынап, жүлдегер атанды.

Чемпионатта Қазақстан құрамасы жалпы сегіз марапатқа ие болды. Ұлттық құрама қоржынына жалғыз қола медальді Абай облысының студенті салды. Сонымен қатар қазақстандық қатысушылар кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» арнайы марапатын иеленді.

«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Жарыс барысында қатысушылар ұшқышсыз аппараттарды құрастыру, ұшу контроллерлерін бағдарламалау, сенсорларды баптау және жоғары дәлдіктегі пилоттауды қамтитын кешенді тапсырмаларды орындады.

Биылғы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында Қазақстан намысын 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қорғады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button