Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен ашық диалог: Абай облысы бойынша МКД-де кедендік әкімшілендірудің практикалық мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында тікелей туындайтын мәселелері Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды.
Кездесу Абай облысы бойынша МКД басшысы Руслан Данияровтың төрағалығымен өтіп, оған Департамент қызметкерлері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушы бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кедендік процестерді цифрландыру және «Кеден» Ұлттық интеграцияланған платформасын енгізу мәселелеріне арналды.
Департамент басшысы Руслан Данияров қатысушыларының сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша іс-қимыл тәртібін түсіндірді. Талқылау барысында кедендік ресімдеу кезінде туындайтын жекелеген практикалық мәселелер, сондай-ақ бизнес өкілдерінің жұмыс процестерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстары қаралды.
Ашық пікір алмасу форматы нақты мәселелер бойынша түсініктеме алуға ғана емес, мемлекеттік органдар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен тілектеріне де ерекше назар аударылды. Кездесу кезінде айтылған мәселелер Департамент басшылығының назарына алынды. Шешімі өзгерістер енгізуді немесе республикалық деңгейде қарауды талап ететін мәселелер одан әрі қарау үшін жоғары тұрған органға жолданатын болады.
Кездесуді қорытындылай келе, Абай облысы бойынша МКД басшысы Руслан Данияров бизнес өкілдерімен тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Біз диалогқа ашықпыз және бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың жұмыс барысында тікелей туындайтын мәселелерді талқылауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеуге дайынбыз. Біз үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың пікірін тыңдау және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру барысында олардың ұсыныстарын ескеру маңызды, — деді Руслан Данияров.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей талқылау қажетті ақпаратты жедел алуға және туындаған жағдайлардың шешімін табуға мүмкіндік береді.
Абай облысы бойынша МКД бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың осындай форматын одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Ашық диалог, практикалық тәжірибе алмасу және нақты мәселелерді талқылау кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып қала береді.
Мұндай кездесулер өзара сенімді нығайтуға, сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың практикалық ұсыныстарын кедендік процестерді одан әрі жетілдіру барысында ескеруге ықпал етеді.



