
Бүгінде қала тазалығын сақтау, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрмыстық қалдықтардың белгіленбеген орындарға төгілуінің алдын алу мақсатында кезекті рейдтік бақылау іс-шаралары жүргізілуде.
Қалдықтарды белгіленбеген жерлерге төгу — әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларға айыппұл салу қарастырылған.
Тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастауға және қаланың тазалығын сақтауға шақырамыз.
Тазалық — баршамызға ортақ жауапкершілік!



