ҚазақстанҚоғамТОП

Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ – вице-премьер

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырысында шектеулер бойынша ұсыныстар бердік. Әрі қарай не болатынын эпидемиологиялық жағдай көрсетеді”, – деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың үнді штамына байланысты карантин күшейтілетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда жекелеген шектеулер енгізіледі.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button