Семей
Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаді. Қабылдауға қала әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшылары, «Отбасы банк» АҚ және коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар баспана, балалар ойын алаңдарын салу және абаттандыру, жол инфрақұрылымы, қоғамдық көлік, жер қатынастары, сондай-ақ қаңғыбас иттер мәселелеріне қатысты өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Қала әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына әрбір өтініш бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.



