Семей

Семейде су құбыры және кәріз жүйесін жаңғырту жобалары қаралды

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев пен Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Жиынға облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Көшпелі кеңес барысында Северный кентінен Шығыс кентіне дейінгі және Мұрат саяжайынан Бобровка кентіне дейін тартылатын су құбыры желісінің құрылысы қаралды. Жауапты мамандар атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Сондай-ақ Қайым Мұхамедханов көшесі бойымен өтетін кәріз жүйесін жаңғырту жобасы таныстырылды. Жоба аясында инженерлік инфрақұрылымды жаңартып, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету көзделген.

Мердігер ұйымдардың өкілдерімен өткен кездесу барысында атқарылатын жұмыстардың сапасына, құрылыс нормалары мен талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button