
Шығыс Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік ерекше. Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы жетістігі, халықтың әл-ауқаты мен олардың билікке деген көзқарасы мемлекеттік қызметкердің еңбегі мен беделіне байланысты, – деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ полиция қызметкерлерін де төл мерекелерімен құттықтап жазба қалдырды.
Мемлекеттік мәселелерді шешуде ішкі істер қызметінің еңбегі ерен. Полиция қызметкерлерінің жұмысы – батылдық пен шыдамдылықтың үлгісі. Тәртіп сақшылары облыс қалалары мен аудандарында құқықтық режим мен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда күрделі әрі жауапты міндеттерді лайықты деңгейде орындайды, – деді Даниал Ахметов.
Semey News



