Абай облысыТОПЭкология

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алакөл жағалауында «EcoQadam» экологиялық форумы өтті

Алакөл жағалауында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде «EcoQadam» экологиялық форумы ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – туристік аймақтың экологиялық тазалығын сақтау, жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Іс-шара аясында Алакөл жағалауында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға 200-ге жуық жас қатысты. Нәтижесінде жағалаудың 150 гектар аумағы қоқыстан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Бұл бастама өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және жастардың табиғатқа деген жауапкершілік мәдениетін арттыруға өз үлесін қосты.

Сонымен қатар, форум аясында «Табиғи ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараға экобелсенділер, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар спикерлері – эко-жобалар жетекшісі, тұрақты даму бойынша сарапшы Асыл Оқапова жане
Alikhan Bokeikhan University Колданбалы биология кафедрасының аға оқытушысы Арай Ануарбекова табиғи ресурстарды сақтаудың, маңыздылығы, экологиялық, сауаттылықты арттыру
жолдары және әрбір азаматтың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

Семинар барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық жауапкершілікті арттыру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар теориялық және практикалық бөлімдерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

«EcoQadam» форумы өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және табиғатты қорғау бағытындағы ортақ бастамаларды күшейтуге ықпал ететін маңызды алаң.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button