
Шығыс Қазақстан облысында 367 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Көптеген автокөлік иелері көлік салығын уақытылы төлемейді. 45 мыңнан астам тұлға қарыз. Негізгі салық төлемеушілер – Өскемен қаласының тұрғындары. Олардың үлесіне шамамен 400 млн теңге келеді.
37 мың қарызгерге қарыздары туралы хабарламалар берілді, 15 мыңға жуық қарызгер жеке тұлғаның қарызын өндіру туралы салық бұйрығын алды, 14 мың салық бұйрығы мәжбүрлеп өндіріп алу үшін атқарушы органға берілді.
ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары Ержан Ктанов автокөлік иелеріне, автокөлікті қайта рәсімдегенде көлік құралдарын полиция есебінен шешу қажеттігін айтып өтті.
- Көпшілігі, егер олар автокөлікті сенім хат бойынша сатып жіберсе, олардың аттарында көлік болмайды деп ойлайды. Қателеседі. Ал содан кейін салығы туралы хабарлама келгенде, аң-таң болады. Барлық автокөлік иелеріне, көлік құралдарын сатқан кезде автокөлікті барлық уәкілетті орган есептерінен шығаруды жүзеге асырыңыздар, сіздің атыңызда жеке меншікте жылжымалы мүлік тіркелмегеніне көз жеткізіңіздер, – деп атап өтті Ержан Ктанов.
Жалпы алғанда, автокөлік салығы оның қозғалтқыш көлеміне, жүк көтергіштігіне, орын санына, қозғалтқыш қуаттылығына байланысты бекітілген АЕК есетеледі. Есепті ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтының «Электронные сервисы»/«Калькулятор» бөлімінде немесе онлайн калькуляторлар арқылы есептеуге болады.
- Жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Яғни, биылғы жылы автокөлік иелері 1 сәуірге дейін 2020 жылға арналған салық төлемдерін жүргізулері керек болатын. Салықты Каspi.kz, еGov.mobile, e-Salyk Azamat мобильді қосымшалары арқылы, сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлердегі банктер арқылы төлем жасауға болады, – деп тоқталды Ержан Ктанов.
Төлем төленбеген жағдайда немесе толықтай төленбесе, онда 1 сәуірден кейін салық қарызы пайда болады. Автокөлік иесіне қарызы туралы хабарлама жолданады. 30 жұмыс күні өткеннен кейін жеке тұлғадан қарызды өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығады. Қарызы төленбеген жағдайда мемлекеттік кіріс органдары салық бұйрығын табыстағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде салық бұйрығын атқарушы органға мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жолдайды.
Салық салынатын бір автокөлік үшін төменде көрсетілген адамдар салықтан босатылады:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбектері және тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;
- 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанқиярлық қызмет еткені, тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталған адамдар;
- Кеңес Одағының батырлары мен Соицалистік еңбек ерлері;
- “Халық Қазақарманы”, “Қазақстан Еңбек Ері” атағына ие болған, үшінші дәрежелі “Даңқ” орденімен және “Отан” орденімен марапатталған адамдар;
- “Батыр ана” атағына ие болған аналар, “Алтын алқа” немесе “Күміс алқа” белгісімен марапатталған көп балалы аналар.
Semey News