ШҚОДенсаулықҚоғамҚоғамТОПШҚО

ШҚО хирургтары бірегей онкологиялық операцияларды жасап үйренуі керек – Даниал Ахметов

Даниал Ахметов Өскемендегі онкологиялық орталықты қайтадан тексеріп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Қазақстанның басқа клиникаларында баламасы жоқ бірегей жабдық сатып алғанымыз өте дұрыс қадам болғанына тағы да көз жеткіздік. Мысалы, соңғы модельдің қуатты желілік үдеткіші сәулелену дозасы мен пациенттерді емдеу уақытын едәуір қысқартады. Ол алдыңғыға қарағанда 10 есе күшті және ең бастысы науқастың тыныс алуымен синхрондалады, сәулелерді қажет жерге бағыттайды. Қазір үдеткішті баптау және қызметкерлерді осы қондырғымен жұмыс істеуге үйрету процесі жүріп жатыр, – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейін, соңғы жылдары 300-ден астам медицина мамандары әлемнің үздік клиникаларында білім алғанын айтқан болатынбыз. Ал қазір медицина саласы саннан сапаға ауысып, нақты жұмыс істеуге көшкен. Яғни, хирургтарды бірегей онкологиялық операцияларды жасап үйренбек. Бүгінде сырқаттанған азаматтар шет елдерге барып емделуге мәжбүр. Олардың өз облысымызда емделуіне мүмкіндік жасау қажет. Сырттан тәжірибе жинап, білімін жетілдірген, жаңа технологияны меңгерген жаңа формациядағы дәрігерлердің саны артады.

Осы жолы сатып алынған заманауи және жоғары технологиялы жабдықтар жүздеген онкологиялық науқастың сауығып кетуіне мүмкіндік ашады. Мәскеудегі Герцен атындағы институтпен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, бірнеше дәрігер Израиль клиникаларына оқуға барады. Онкологиялық орталықтың өзінде операциялық бөлмелерден палаталарға дейін толық қайта жөнделді. Енді ол медициналық қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес келеді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button