ҚылмысСемейТОП

Семей: автокөліктегі ұрлық

Семейде «ГАЗ-52» автокөлігін тонаған тұлға ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, Орталық полиция бөліміне Семей қаласының 41 жастағы қала тұрғыны жүгініп, есігі ашық болған «ГАЗ-52» автокөлігінің кабинасынан құны 20 000 теңге тұратын кілттер жиынтығы ұрланғанын хабарлады. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында 44 жастағы, жұмыс істемейтін Семей қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін мойындады, ұрланған зат иесі қайтарылып берілді.

Аталған тұлғаға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button