
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол дүкенге терезедегі торды бұзып кіріп, 75 блок темекі ұрлап, дүкенге 280 мың теңге шығын келтірген. Тергеу барысында ол ұрланған заттың жартысын сатып жібергені де белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semey News