ҚазақстанПрезидентТОП

Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

— Қоғамда тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін орнықтырудың мән-маңызы зор.

Осы ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын айрықша атап өткен жөн. Бұл бастама қала мен ауылды абаттандыру жұмысымен шектелмейді. Оның түпкі мәні — қоғамдық сананы жаңғырту.

Сол арқылы азаматтарымызды қастерлі Отанымыз — Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру, — деді Президент.

Мемлекет басшысы жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналғанымызды атап өтті.

— Жауапкершілік, әділдік, өзара құрмет бар жерде ғана өсіп-өркендеуге, дамуға жол ашылады. Бұл — өркениетті мемлекеттер мен халықтардың барлығына ортақ ұстаным. Осы құндылықтар жаңа Халық Конституциясына арқау болып отыр.

Біз дамудың даңғыл жолына түсіп, жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналдық. Нақты жетістіктеріміз бар. Бұл — ең алдымен, сапалы адам капиталы, — деді ол.

Айта кетелік Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-taza-kazakstannin-tupk-man-kogamdik-sanani-zhangirtu-ekenn-atap-ott-5e4992/

Осы айдарда

Back to top button