СемейТОП

Семейде ұландықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан батырларға тағзым етті

Осыдан 31 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында болған әскери қақтығыс барысында 17 қазақ сарбазы қаза тапқан. Осыған орай, Ұлттық ұланның Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында ерлік көрсеткен жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында шейіт болған жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың есімін құрметпен еске алды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, ерлік пен отаншылдық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген ұландықтардың рухын асқақтату. Әскери бөлімде өткен іс-шараға ардагерлер қауымы, «Жас Бүркіт» кадеттер қозғалысының мүшелері қатысып, тарихи маңызы бар оқиғаларға қанық болды. Аталған тағылымдық шара жыл сайын өткізіліп, қала мектептерімен бірлесіп ұйымдастырылады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button