Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді

№1 поликлиника (қала тұрғындарына бұрынғы атауымен – Орталық қалалық аурухана, ЦГБ ретінде белгілі) Абай облысының әкімшілік орталығындағы ең ескі емдеу мекемелерінің бірі болып табылады.
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған БАҚ үшін пресс-тур барысында клиниканың жұмыс процесі таныстырылды. Аурухананың бас дәрігері Анатолий Ахунжанов клиникада цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
– Сіздерге Семейдегі ең ескі алдын алу-емдеу мекемелерінің бірі – №1 поликлиниканы таныстырамын. Поликлиникада бір ауысымда 750 адамды қабылдауға мүмкіндік бар, тіркелген азаматтар саны – 38 мың. Мұнда ересектер де, балалар да қызмет алады. Қазір біз тіркеу бөлімін жаңартып, QR-кодтар арқылы пайдалы ақпарат орналастырдық. Мұнда үш регистратор жұмыс істейді, қажет болған жағдайда қосымша мамандар да қосылады, – деді Анатолий Ахунжанов.
Сонымен қатар, ауруханада науқастарға қолдау көрсету қызметі тұрақты жұмыс істейді. Дәрігерлер науқастардың кез келген сұрағын шешуге дайын.
– Бірінші қабатта науқастарға қолдау көрсету қызметі орналасқан. Әр бөлім меңгерушісі, әр мейірбике кезекпен осы қызметте жұмыс істейді. Бұл көрсетілетін қызмет сапасын арттырды. Статистикаға сүйенсек, өтініштердің саны 30%-ға өсті. Олардың басым бөлігі – медициналық қызметкерлерге алғыс білдірулер, – деп қосты Анатолий Ахунжанов.
Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аурухана ғимаратын аралап, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, медициналық персоналмен кездесті.
Поликлиника базасында флюорограф, жоғары технологиялық құралдар бар: GeneXpert, фиброскан, рентгендік маммограф, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа да зерттеулерге арналған аппаратар, ЭХО-кардиограф, ЭКГ аппаратар, Холтер, СМАД, сонымен қатар компьютерлік негіздегі биохимиялық, ИФА, иммуно-химиялық зерттеулер жүргізілетін лабораториялар.
Поликлиникада барлық түрдегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі: ауруларды ерте анықтау (скрининг), емдеу және пациенттерді реабилитациялау мақсатында профилактикалық қызметтер де бар.
Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі



