Семейде қыстан кейінгі санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Семей қаласында қыстан кейінгі санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қыс мезгілінде көк тайғаққа қарсы 10 мың тоннадан астам инертті материал себілген болатын. Қазіргі уақытта жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарындағы шаң-қоқыстарды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Санитарлық тазалау барысында жол қоршаулары мен жиектері, жол белгілері, сондай-ақ шағын сәулеттік пішіндер жуылуда. Сонымен қатар қалада ағаштарды әктеу жұмыстары басталды.
Және облыс әкімі Берік Уәлидің үндеуінен кейін қалада жалпықалалық сенбіліктер басталып, тұрғындар ғана емес кәсіпкерлік нысандар да өз үлестерін қосуда.
Бұдан бөлек, Семейде жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5000 шаршы метр аумаққа асфальт төселді.
Жұмыстарды атқару барысында жол қозғалысында уақытша кептелістер байқалуы мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.



