
Семей қаласының тұрғыны, 5-сынып оқушысы Курмангазыева Жанель қала әкімі Әділет Нұрсағатұлына өз өтінішін білдірген болатын. Өтінішінде Жанель Кешірім Бозтаев көшесі, 5-үй мекенжайындағы ауланы абаттандыруды сұраған.
Кішкентай қала тұрғынының өтінішін ескерген қала әкімі аталған мекенжайға барып, тұрғындармен тілдесті. Жанель бұл ойын алаңының тек өзі үшін емес, ауладағы барлық балалар үшін қажет екенін жеткізді.
Қала әкімі Бозтаев көшесі, 5-үй мекенжайы 2026 жылғы абаттандыру жоспарына енгізілгенін айтты.



