Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай облысының прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарымен, әлеуметтік қорғау департаментімен, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп «Qazaq Astyq Group» ЖШС және «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ олардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету.

Кездесулер ашық диалог форматында, яғни сұрақ-жауап сессиялары түрінде өтті. Оның барысында қатысушылар еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер мен оларды қолдану тәжірибесі бойынша түсіндірмелер алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button