Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Абай облысында жүргізуші куәлігі жоқ мас әйел жол-көлік оқиғасына себеп болды

Курчатов қаласында жүргізуші куәлігі жоқ адамның қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел адам алкогольдік масаң күйде бола отырып, жұбайына тиесілі автокөлікті басқарған және тұрақта тұрған көліктерді соққан.

Оқиғадан кейін қатысушылар медициналық мекемеге жеткізіліп, сараптамадан өтті. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел орташа дәрежеде мас күйде болған.

Сонымен қатар, көлік иесі — құқық бұзушының жұбайы — да мас күйде болғаны және көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға басқаруға бергені анықталды.

Аталған факті бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар заңда белгіленген тәртіппен қарау үшін сотқа жолданды.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Абай облысы Полиция департаменті ескертеді: мас күйде көлік жүргізу және рөлді жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру — заңды өрескел бұзу, ол ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button