Бородулиха ауданында Тазару күніне орай сенбілік өтті

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күніне орай Бородулиха ауданында тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Аталған акцияға ауданның барлық 18 ауылдық округі белсенді түрде қатысты. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік қызметшілер, түрлі ұйым қызметкерлері және жастар жұмылдырылды.
Іс-шара барысында қоғамдық орындар тазартылып, ретке келтірілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шамамен 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов: «Елді мекендердің тазалығы – әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігінен басталады. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау күнделікті өмір салтына айналуы тиіс», – деп атап өтті.
Ауданда абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаспақ. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тұрақты түрде сенбіліктер мен экологиялық акциялар өткізу жоспарланып отыр.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



