Семей

Семей қаласында Наурыз мерекесі кезінде полиция қызметкерлері балаларға ата-аналарын табуға көмектесті

Семей қаласының орталық көшелерінде Наурыз мейрамына орай жаппай халықтық серуендер өтуде. Таңертеңнен бастап мыңдаған қала тұрғындары көктемнің шуақты күнінен қуат алып, концерттік бағдарламаларды тамашалап, мерекелік іс-шараларға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татуда. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тек облыс орталығының өзінде 500-ден астам полиция қызметкері қызмет атқаруда.

Жаппай іс-шаралар барысында полиция қызметкерлеріне басты алаңда ата-аналарынан көз жазып қалған балалар бірнеше рет жүгінді. Сасқалақтаған бүлдіршіндерді тәртіп сақшылары тыныштандырып, оларды жедел түрде ата-аналарымен табыстырды.

Кейбір жағдайларда мереке кезінде адасып кеткен кішкентай балаларды тұрғындар байқап, полиция қызметкерлеріне тапсырған. Тәртіп сақшылары ата-аналарын анықтау және балаларды отбасына аман-есен қайтару бойынша шұғыл шаралар қабылдады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 5-тен астам баланың ата-анасын табуға көмектесті. Мерекелік іс-шаралар жалғасуда, ал полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button