ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол-көлік оқиғасы: екі көлік жол жиегінен ұшып кетті

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Алтай ауданында “Алтай-Зубовск” тас жолының 14-ші шақырымында болған. «Нива Шевроле» және «Toyota Windom» көліктері соқтығысқан, екі көлікте жол жиегіне ұшып кеткен.

“жарақат алған екі тұлғаны жедел-жәрдем қызметкерлері өздігімен алып шықты, ал тағы бір тұлғаны автокөліктен оқиға орнына келген құтқарушылар құрал-сайман көмегімен алып шықты”, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.

Жарақат алғандар Алтай ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды.

Фото: ШҚО ТЖД

Semey News

Осы айдарда

Back to top button