Қала әкімдігінде өтініштермен жұмыс бойынша семинар ұйымдастырылды

2026 жылғы 20 наурызда Семей қаласы әкімдігінде қала әкімі аппараты басшысының м.а. Ербол Саркучиковтың төрағалығымен дербес бөлімдер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштермен жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (бұдан әрі – ӘРПК) нормалары мен қағидаттарын қолдану тәжірибесін түсіндіру.
Іс-шараға ӘРПК-ге қатысты мәселелерді талқылау үшін Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айдана Заңғарқызы Асылканова, сондай-ақ әкімшілік бөлімі басшысының м.а. Гүлмира Қайратқызы Сембаева қатысты.
Семинар барысында ӘРПК-ге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібі, әкімшілік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тетіктерін жетілдіру, тыңдау рәсімін өткізу, мерзімдерді есептеу және заңнаманың жекелеген нормаларын қолдану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы Айнаш Нұрғалиқызы Қасымбек «Өтініштермен жұмыс кезінде кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша тәжірибелік ұсынымдар» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетті.
Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді көтеріп, сала мамандарынан тиісті жауаптар алды.



