Қазақстан

Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы Comtrux Astana жаңа халықаралық көрмені іске қосады

Business Media Central Asia (BMCA) Messe Frankfurt Exhibition GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын коммерциялық көлік пен жол логистикасы шешімдеріне арналған жаңа халықаралық Comtrux Astana көрмесінің іске қосылғанын хабарлайды. Көрме 2026 жылғы 5–7 мамыр күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.

Жаңа Comtrux Astana бренді — Komtrans + BUSexpo Astana көрмелерінің ауқымды ребрендингінің нәтижесі. Жоба Қазақстан және Орталық Азиядағы коммерциялық көлік өндісірін дамытуға, халықаралық қатынастарды кеңейтуге және әлемдік деңгейдегі стратегиялық серіктестерді тартуға бағытталған.

Көрмеде жүк көліктері мен автобустар, дөңгелектер мен кузовтық шешімдер, навигация, телематика және автопаркті басқару (fleet management) саласындағы инновациялар ұсынылады. Ерекше назар экологиялық технологияларға, трансшекаралық логистикаға және қазақстандық компанияларды жаһандық жеткізу тізбектеріне енгізуге аударылады.

Comtrux Astana 2026 көрмесі Eurasian Construction Technology Astana көрмесімен қатар өтеді. Бұл шешім көлік пен құрылыс салалары арасындағы өзара байланысты күшейту үшін жасалған. 2025 жылы осы  жобалар Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 230 компанияны біріктіріп, 100-ден астам B2B кездесуді ұйымдастырды және жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын келісімдерге жетуге жол ашты.

 Comtrux Astana көрмесіне қатысуға арналған тегін билетті мына сілтеме арқылы алыңыз: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=41&utm_source=akimatabai&utm_medium=akimatabai&utm_campaign=akimatabai

Анықтама

Messe Frankfurt — тарихы 800 жылдан асатын, әлемдегі ең ірі көрме компанияларының бірі. Компанияның 28 еншілес ұйымнан тұратын желісі және әлем бойынша 50-ден астам өкілдігі бар. Компания 150-ден астам көрме брендін қамтиды, олардың қатарында Automechanika, Light + Building, Heimtextil, Ambiente және басқа да көптеген жобалар бар.

BMCA — Орталық Азиядағы Messe Frankfurt-тың ресми өкілі әрі Қазақстан мен Өзбекстандағы халықаралық көрмелердің жетекші ұйымдастырушысы. Компания жыл сайын 20-дан астам халықаралық жобаны өткізіп, жүздеген компания мен ондаған мың салалық маманды бір алаңға біріктіреді.

Осы айдарда

Back to top button