Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Жұмысқа орналастыру сылтауымен несие рәсімдеген: Абай облысында алаяқтық фактісі ашылды

Танысына сенім артқан Аягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны үшін бұл жағдай күтпеген жерден жарты миллион теңгеге жуық қарызға әкелді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қараша айында Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефонын пайдаланып, оның атына онлайн-несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 499 850 теңгені құрады.

Өз атына несие рәсімделгенін әйел кейінірек білген. Полицияға жүгінгеннен кейін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды. Оның әрекеті алаяқтық бабы бойынша сараланды.

Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары ескертеді: ұялы телефонды және жеке деректерді таныс адамдарға да бермеңіз. Қазіргі онлайн-қызметтер арқылы несие бірнеше минуттың ішінде рәсімделуі мүмкін, ал мұны алаяқтар жиі пайдаланып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button