ҚазақстанТОП

Конституциялық реформалар – мемлекеттілік пен қоғамдық бірлікті нығайтудың негізі

Ұлттық құрылтайда көтерілген конституциялық бастамаларға қатысты өз пікірін Әлихан Бөкейхан университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аман Рахметуллин білдірді.

– 2022 жылы жүзеге асырылған жүйелі өзгерістермен сабақтасып отырған жаңа реформалар Қазақстанды 1995 жылы қабылданған конституциялық үлгіден мүлде жаңа, заманауи конституциялық модельге көшіруге бағытталған. Бұл бастамалар жалпыхалықтық референдумда азаматтар тарапынан қолдау тапқан жағдайда, еліміздің мемлекеттілік негіздері мен саяси жүйесі түбегейлі жаңғыратынын атап өтті. Мұндай өзгерістер Қазақстанның ішкі тұрақтылығын күшейтіп, жаңа сапалық даму деңгейіне шығуына мүмкіндік береді, – деді спикер.

Сонымен қатар, Аман Қапанұлы реформалардың қоғамды біріктіруде де маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, ортақ жауапкершілік пен азаматтық бірлікке негізделген конституциялық жаңғыру қазіргі күрделі геосаяси кезеңдегі сын-қатерлерге төтеп беруге жол ашады.

Осы айдарда

Back to top button