
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 маусымда Күршім ауданындағы Зайсан көлінде 1995 жылғы жігіт қайықпен аударылып, суға жүзе алмауына байланысты судан шыға алмаған.
Екінші оқиға Шемонаиха ауданында орын алды. Бұл жерде 2007 жылғы бала суға кетті. 14 жасар жасөспірім құрдастарымен бірге 1 метр 20 сантиметр тереңдіктегі карьердегі жиналған суға шомылмақ болған. Ол 2 метр биіктіктен секірген, судан шықпады.
ШҚО ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, өңірде жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Басты себептердің бірі – қауіпсіздік шараларын сақтамай, жабдықталмаған жерлерде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде суға түскеннен болады.
Semey News