Абай облысыСемейТОП

Семей қаласында жаңа ықшам аудан салынады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли хабарлады.
Абай облысында жыл басынан құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд теңгені құрады. 159,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамту үшін биыл 1 146 жалға берілетін пәтер сатып алуға 23,3 млрд теңге бөлінді. Қала мен аудан әкімдіктері 213 пәтерді сатып алды.

Сонымен қатар, Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында биыл 21,6 мың шаршы метр 4 несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді, тағы 13 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Облыста тұрғын-үй кезегінде 30 мыңға жуық адам тұр, оның ішінде Семей қаласы бойынша – 20,5 мың адам. Осы мәселені шешу үшін қаланың тарихи орталығындағы инфрақұрылымның тозуын, жаңа құрылыс үшін бос алаңдардың тапшылығын ескере келе, әкімшілік-іскерлік орталықты орналастыра отырып, жаңа тұрғын аудан құру ұсынылды. Бұл Семей қаласындағы якорлық жоба болып, өңірдің өсуі мен урбанистикалық дамуының жаңа қозғаушы күшіне айналады. Тұрақты жұмыс орындары ашылып, өңірге қомақты инвестиция тартылады.

Баспана кезегін азайтып, халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Семей қаласының бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button