Абай облысыТОП

Семейдегі жас сарбаздар қатары толды

Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектепте жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет орыс тілінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылған болатын.  Оған 7-ші сынып оқушылары қабылданып, әскери іске қызығатын ұл-қыздар белсенді түрде оқып, саптық дайындықты, оқу-жаттығудың ерекшеліктерін, әскери шендерін меңгеріп, қаруды құрастыру мен бөлшектеуді үйрене бастады.

Күні кеше жас курсанттар әскери ант қабылдады. Ант қабылдау кезінде оқушылар дене жаттығулары мен саптық жүріс дағдыларын көрсетті. Алғаш «Жас сарбаз» сыныбына қабылданған жас курсанттар адалдыққа, жауапкершілікке, тәртіпті болуға, жақсы оқып, дамуға, ең бастысы – «Жас сарбаз» атағын, өз мектептерінің абыройын жоғары ұстауға салтанатты түрде ант берді.

Шараға Абай облысы қорғаныс істер департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов, «Дарын» орталығының әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Болат Құрманов қатысты. Салтанатты ант қабылдау шарасына оқушылардың ата-аналары да қатысып, алғыстарын білдірді.

Салтанатты кеш соңында білім ордасының өнерпаздары қонақтарға тамаша кеш сыйлады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button