Абай облысыТОП
Азаматтарды жеке қабылдау өтті

Қала әкімі Әділет Қожанбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 30 тұрғын келіп, өздерінің сұрақтары мен мәселелерін жеткізді.
Жеке қабылдау барысында абаттандыру, ауыз су, жарық, жол, қоғамдық көлікке қатысты мәселелерді көтерді.
Дербес бөлімдердің және коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.


