ШҚО

Өскеменде газель арқылы түрмеге байланыс құрылғысын кіргізбек болғандар құрықталды

№22 түзеу  мекемесін күзететін Ұлттық  ұланның  6699  әскери   бөлімінің   қызметкерлері қырағылық танытты.  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығына  қарасты  әскери  бөлімнің   көлік  құралдарын  бақылау  тобы   түзеу   мекемесіне кірмек болған  «Газель»  көлігінен   тыйым   салынған заттарды анықтады. Ұландықтар  металл іздегіш құрылғы  арқылы  жүк көлігіндегі өндіріске арналған құрал-жабдықтарды жіті бақылаудың арқасында заң бұзушылыққа жол бермеді.

– Әскери қызметшілерге жүк  көлігін  тексеру барысында жүк салғышта  қаз  қатар  тізілген   тігін машиналарын байқады. Ұландықтарға машиналардың төменгі жағында орналасқан қозғалтқыштар күдікті болып көрінді. Қозғалтқыш жабындысын ашқан уақытта байланыс құрылғыларын жасырылғаны анықталды , – деді 6699 әскери бөлімінің  тексеру тобының бастығы кіші сержант Рүстем Кабдиев.

Тексеру нәтижесінде  жүк салғыштағы тігін машинасынан 7 дана sim карта,  8 дана  ұялы  телефон, 4 дана қуаттау қондырғылары табылды.

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Осы айдарда

Back to top button