Абай облысыауылшаруашылығыТОП
Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

Ақсуат ауданының Екпін ауылдық округіне қарасты «Мәуліт» шаруа қожалығында 5000 бас ірі қараны бордақылауға арналған заманауи мал бордақылау алаңы жұмысын бастады.
Нысанда 1200 бас бұқашық бар. Қазір 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қысқы маусымда қосымша 10 адамды еңбекке тарту жоспарланып отыр. Қожалық жергілікті тұрғындар мен жеке шаруашылықтардан бұзауларды қабылдап, ауыл халқына қосымша табыс табуға мүмкіндік беруде.
3850 гектар жерді қамтитын шаруашылық заманауи техникамен толық жабдықталған. Жоба аймақтың ет өндірісін ұлғайтып, ауыл экономикасына жаңа серпін бермек.