
Тәртіп сақшылары облыс аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу шарасын жүргізіп жатқанын айта кетейік.
– Полиция қызметкерлері 9 маусымда «TOYOTA» маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру барысында Риддер қаласының 39 жастағы тұрғынының төленбеген 254 006 теңгеге айыппұлы бар екенін анықталды. 22 рет ереже бұзған. Сол себепті борышкердің көлігі айыппұл толық өтелгенше арнайы тұрақта тұрады, – деп мәлімдеді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Ернар Базаров.
Жалпы полицейлер үш күннің ішінде 17 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді. 137 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Semey News