Абай облысыТОП
Аягөз қаласындағы барлық жылу қазандығы жұмыс істеп тұр

Абай облысы әкімінің тапсырмасымен оның орынбасары Серік Төленбергенов Аягөз қаласына барды.
Іссапар барысында ол қаладағы жылу қазандықтарының жағдайымен танысып, жұмысына бақылау жүргізді. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен балабақшаларды аралап, ішкі температураларын тексеріп шықты.
Тексеру нәтижесінде жылу қысымы белгіленген талаптарға сай екені және барлық қазандықтың штаттық режимде тұрақты жұмыс істеп тұрғаны анықталды.