Денсаулық сақтауСемейТОП

Семей медицина университетінде Ұлттық конгресс өтті

Семей медицина университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған, халықаралық қатысумен «Оториноларингологиядағы – бас және мойын хирургиясындағы жаңа инновациялық технологиялар» атты Ұлттық конгресс жұмысын бастады. Ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде Семей медицина университетінің ректоры Алтай Дюсупов қатысушыларға ыстық ықыласын білдіріп басқосудың маңыздылығын атап өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс төрағасы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ректорлар кеңесінің құрметті мүшесі Әділ Шаяхметов, «Абай облысының дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоғары дәрежелі ЛОР дәрігер, денсаулық сақтау ұйымдастырушысы Руслан Еңсебаев сөз сөйледі.

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде ұйымдастырылған конгреске отандық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, резиденттер және барлық өңірлерден келген тәжірибелі оториноларинголог-дәрігерлерімен қатар Польшадан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден келген зерттушілер қатысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button