Абай облысыТОП
Облыс әкімі Мақаншы ауданының дәрігерлеріне алғысын жеткізді

Жақында Мақаншы аудандық ауруханасының қызметкерлері Алакөлге демалуға келген Италия азаматы Пьянца Паолониның өмірін сақтап қалған болатын. Ауруханадан шыққаннан кейін шет елдік азамат медициналық ұжымға алғысын жеткізген еді.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданының тұрғындарымен кездесуде операцияға қатысқан дәрігерлер мен мейірбикелерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті.
Ауруханадан шыққаннан кейін шетелдік азамат медициналық ұжымға шынайы алғысын білдіріп, «Қазақстан менің екінші отаным» деп тебіренді. Дәрігерлердің бұл қызметі құрметке лайық. Еліміздің абыройын көтерген сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ