Абай облысыТОП

Қайнар ауылының көшелері жарықтандырылды

Жаңасемей ауданына қарасты Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылында көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында 170 дана жарық шамы ауыстырылып, 8 шақырым электр кабелі жаңартылып, 10 бағана орнатылды.

Нәтижесінде істен шыққан жарықтандыру жүйесі толық қалпына келтіріліп, ауыл ішіндегі жалпы ұзындығы 3,5 шақырым көше жарықтандырылды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етіп, ауылдың түнгі келбетін жақсартуға мүмкіндік берді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button