Абай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті

20-21 қыркүйек күндері Астана қаласында Абай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде Абай облысының Семей қаласы мен барлық аудандарының ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңке аясында жалпы көлемі 350 тоннадан астам 20-ға жуық өнім түрі саудаланды. Атап айтқанда: 130 тонна сиыр, жылқы және қой еті, 4 тонна құс еті, 80 тонна көкөніс өнімдері (картоп, сәбіз), 1 тонна өсімдік майы, 7 тонна сүт өнімдері, 70 тонна бал, 4 тонна ұлттық тағамдар, 2 тонна қымыз, 2 тонна шұжық өнімдері және 50 тонна бақша өнімдері ұсынылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жоғары сапалы әрі дәмді өнімдерді қолайлы бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар облыс өнерпаздары «Абай елі – өнер кеніші» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ