Ақсуат ауылында жаңа аллея салынып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесінің бойында салынып жатқан аллеяның құрылысымен танысты.
Жаңа аллеяның жалпы ауданы – 7 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстары биылғы 15 маусымда басталған.
Аллеяда балалар алаңы салынған, енді жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, орындықтар, жарық шамдары мен гүлзарлар, субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, түрлі ағаштар мен сәндік бұталар отырғызылады. Құрылысқа 5 техника, 17 адам жұмылдырылған.
Аймақ басшысы аллеяны аралап көрген соң ауыл тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Аллеяға 100 түп шырша және қарағай көшеттері егілді.
Бұл аллея тұрғындардың тынығуына қолайлы, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін заманауи демалыс орны болмақ. Жақсы саябақ. Тура орталықта, жолдың бойында орналасқан. Балаларға арналған ойын алаңдары бар. Аудан орталығының көркін келтіріп тұр. Мердігерге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырамын, – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ