Абай облысыЗаң мен тәртіпСемейТОП

Микроұйқы – жолдағы көзге көрінбейтін қауіп: Абай облысы полициясы «Ұйқыдағы жүргізуші» акциясын өткізді

Полиция мен медицина қызметкерлері жүргізушілерге ұйықтап көлік жүргізудің қаупі туралы еске салды.

Абай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Ұйқыдағы жүргізуші» атты ерекше рейд өтті.

Түнгі уақытта Бесқарағай ауданындағы автожолда полиция мен медицина қызметкерлерінің бірлескен бекеті көлік жүргізушілерін тоқтатып, шаршау мен ұйқышылдықтың рөлдегі қауіптілігі алкогольдік масаң күймен бірдей екенін түсіндірді.

Патрульдік полиция инспекторлары тек құжаттарды тексерумен шектелген жоқ. Жүргізушілерге қан қысымын өлшеу ұсынылып, денсаулығы туралы сұралды және шаршаған күйде көлік жүргізудің тәуекелі түсіндірілді. Дәрігерлердің айтуынша, қысқа уақыттық «микроұйқының» өзі жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өміріне үлкен қатер төндіруі мүмкін.

Мұндай акциялар полиция жұмысының жаңа сервистік моделін көрсетеді, мұнда басты назар айыппұл емес, алдын алу мен түсіндіру жұмыстарына аударылады.

Жүргізуші кейде жолда аз уақыт тоқтап, демалып алудың үнемделген минуттардан да құнды екенін түсінгенін қалаймыз. Өйткені ең қымбат нәрсе – адам өмірі, – деп атап өтті Абай облысы Полиция департаментінде.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Абай облысында 784 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 57 адам қаза тауып, 1097 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Осы айдарда

Back to top button