Өскеменде түрмеге көкнәр лақтырмақ болған күдікті ұсталды

Өскемен қаласында №16 түзеу мекемесінің қоршауынан ішіке қарай “сәлемдеме” лақтырмақ болған күдікті қолға түсті. Белгілі болғандай ол көкнәр лақтырмақ болған.
Тыйым салынған өсімдік тектес жасыл зат жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды. Өскемен қаласының №16 түзету мекемесінің белгілі бір аумағын патрульдеу барысында Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген Л. есімді азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында ұсталған азамат салмағы бір келіден жоғары көкнәрді сотталғандарға лақтырмақ болғаны анықталды. Тыйым салынған өсімдік тектес жасыл зат жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды.
– Өскемен қаласының №16 түзеу мекемесінің белгілі бір аумағын патрульдеу барысында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген “Л” есімді азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында ұсталған азамат сотталғандарға есірткі лақтырмақ болғаны анықталды.
“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі